21:02 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Bitcoin

Қазақстандық депутат биткоиндерді қауіпті инвестиция деп атады

© AFP / ROSLAN RAHMAN
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Парламент мүшесі Қазақстан тұрғындары арасында криптовалютаға деген сұраныстың артуына алаңдаулы

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, Қазақстандағы криптвалюта мәселесін реттейтін мемлекеттік органды анықтауға ұсыныс жасады. 

Сәрсенбі күні сұрау жасаған Жамалов, қазіргі таңда күллі әлемде, оның ішінде Қазақстанда да блокчейн және криптвалюта технологиясы таралып жатыр. Ол, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық есептесу-төлем төлеу бірлігін, оның ішінде крипвалютаны енгізу мәселесін қарастыруды ұсынғанын еске салды.  

"Астана" халықаралық қаржы орталығы ТМД көлеміндегі блокчейн-шешімдер жүйесін дамыту үшін жұмыс тобын құру туралы хабарлады.  

Блокчейн мен криптовалюталар кәсіпкерлік қызметтің мәніне айналды. Қазақстанда криптвалюта биржасы құрылып жатыр. Биткоиндар сату автоматтары орнатылды, деді мәжіліс мүшесі. 

"Оған қоса, мұндай қызмет реттеліп отырған жоқ. Қазақстанда криптвалюталық транзакцияны, блокчейн-технологияны, криптовалютаны реттейтін заңнама жоқ", — деді Жамалов пленарлық отырыс барысында.

"Бұл ретте тұрғындар мен бизнестің криптовалютаны қолдануы қауіпті болып табылады. Крипвалюта материалдық құндылыққа тіркелмеген және біркелкі реттеу жүйесі жоқ. Шын мәнінде криптовалюталар қауіпі жоғары қаржылық актив ретінде қарастырылады", — деп алаңдайды депутат.
Жылдам ақша табу мақсатында биткоиндар мен түрлі крипвалюталар сатып алатын тұрғындар, шын мәнінде үлкен қатерге бой ұрады және өзінің ақшасын жоғалтқан жағдайда ешқандай қорғауға үміттене алмайды, деп атап өтті Жамалов.
Оның мәліметтеріне орай, жылдың басында биткоин бағамы 1 мың доллар болса, қазір ол – 5 мың долларға жеткен. Осы жылдың 13 маусымынан бастап биткоин курсы 400 долларға төмендеп, келесі күні 120 долларға өскен. 
Осындай жағдайларға байланысты депутат, блокчейн мен криптвалюта мәселесіне қатысты барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін өкілетті органды анықтауға шақырды.

Басты тақырыптар