22:21 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Hyperloop One логотипі

Назарбаев Илон Маск компаниясының өкілдерімен кездесті

© AP Photo / John Locher
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Қазақстан Президенті Hyperloop One басшылығымен Еуразиядағы транспорттық-логистикалық жобалардың келешегі жайын талқылады

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Hyperloop One компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының кездесуі цифрландыру мәселесі бойынша  республикалық кеңестің соңына таман болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Hyperloop one өкілдерімен кездесу кезінде
Нұрсұлтан Назарбаев Hyperloop one өкілдерімен кездесу кезінде

"Әңгіме барысында екі жақ Қазақстандағы сандық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, еуразиялық континенттегі транспорттық-логистикалық жобалардың келешегі туралы пікір алмасты ", — деп жазады Ақорда.

Әлемдегі ең шапшаң Hyperloop One пойызын жасау идеясы өнертапқыш әрі инвестор Илон Маск 2012-2013 жылдары ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа транспорт құралы ұшақтан 2 есе және жүрдек пойыздан 3-4 есе жылдам болады. 

Ең алғашқы шапшаң вакуумдық пойыз өз жұмысын 2021 жылы Дубайда бастайды

Басты тақырыптар