Қоғам

Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 11 ескерткішті қорлады

© Photo : Алуа БайкадамоваВандалдар 11 ескерткішті қорлады
Вандалдар 11 ескерткішті қорлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға өткен түнде болған тәрізді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Белгісіз біреулер 28 Панфиловшылар саябағында орналасқан 11 қаһарман қалалардың мемориалдық тақтасын қорлады. Генерал-майор Панфиловтың немересі, саябақ территориясында орналасқан Әскери даңк мұражайының  меңгерушісі Алуа Байқадамованың Sputnik Казахстан айтуынша, вандалдар гранит бетінен металл әріптер мен әскери символикаларды сындырып алған. 

"Мұражайдың екі қызметкері сыртқа шыққан кезде көріп қалып, бірден полицияға хабарлаған. Учаскелік полиция қызметкері келіп, істі қолға алатынын айтты. Ескерткіштерді қорлау жағдайы бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр жұмыртқа лақтырып кеткен. Бұған дейін ескерткіштердің жанында тұрған күркеде полиция қызметкері отыратын. Егер мұндай істі жасөспірімдер жасаған болса, мені, олардың бойында өткенге құрметі жоғалып бара жатқаны қынжылтады. Олар соғыс туралы ештеңе білмейді", — деді Байқадамова. 

Қолда бар ақпараттарға қарағанда, вандалдар түнде әрекет еткен. 

Алматы қаласы ІІД бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет бермеді.


Жаңалықтар
0