22:26 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Би кеші, дискотека

Назарбаев: мені жастардың есірткі қолданатыны қынжылтады

CC0 / Daniel Lages
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Мемлекет басшысы қазақстандық жастарға жақсылық пен бақыт тіледі

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, жастардың есірткі қолданып, нашақор болатыны қатты қынжылтатынын айтты. 

"Мен, біздің жастар есірткі қолданса, қынжыламын. Мұндай жағдай қазақ тарихында болмаған. Егер олар жаман жолға түсіп жатса, мен қиналамын", — деді Назарбаев  қазақстандық және шетелдік тілшілермен Ақордада өткен баспасөз конференциясы барысында.
Президент: "Егер жастар білім алып, жұмыс жасайтын болса, ол өз ісімен айналысып, басқаға уақыты да болмайды. Сондықтан мен жастарға жақсылық пен бақыт тілеймін", — деді. 
Қыркүйектің басында президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев есірткі қолданғанын мойындаған болатын. Ол, әкесі Рахат Әлиев пен атасы Мұхтар Әлиев қайтыс болған кезде, көңіл жұбанышын есірткіден іздегенін айтты.


Басты тақырыптар