03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бейнебақылау

Астаналық жол ережесін бұзушыларға салынатын айыппұлдар қандай?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Астаналық жолдарда 15 қыркүйектен бастап жол жүру ережелерін бұзу әрекетін тіркеу жүйесі жұмыс жасайды

АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Астанада жаңадан "Сергек" атты фото-видео тіркеу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаменті. 

Бұл жүйе жол жүру ережелерінің келесі түрлерін тіркейді: 

жылдамдықты асыру;

қоғамдық көлікке арналған жол бөлігінде жүру (Bus Lane);

тоқтау сызығын кесіп өту.

Жылдамдықты асырағаны үшін айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылады:  

сағатына 10-20 шақырым (10 АЕК – 22690 теңге); 

сағатына 20-40 шақырым (15 АЕК – 34035 теңге); 

сағатына 40 шақырымнан асатын болса (30 АЕК- 68070 теңге). 

Оқу орындары мен балабақшаларға жақын жолдардағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырыммен шектеледі. Тиісті жол белгілері орнатылған.

Бұл бөліктер "Сергек" атты фото-видео тіркеу жүйесімен ерекше бақылауға алынды. 

 

Басты тақырыптар