03:53 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Арнайы операция

Астана қаласы маңында лаңкестік әрекетке қарсы оқу жаттығулары өтіп жатыр

© Foto: КНБ РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Астана қаласының маңында орналасқан Қосшы ауылының тұрғындарына оқу жаттығуларының жүргізілуіне байланысты үрей тудырмауды сұрайды

АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Астаналық лаңкестікке қарсы күрес бөлімінің жедел штабы, Ақмола облысының аудандық штабтарымен біріге отырып, жоспарлы жедел-тактикалық оқу жаттығуларын өткізіп жатыр, деп хабарлайды лаңкестікке қарсы күрес бөлімінің астаналық штабы. 

Оқу жаттығулары Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарын – Қосшы ауылы мен Астаналық су қоймасын қамтиды. 

"Тұрғындардан тыныштық сақтауды сұраймыз", — дейді лаңкестікке қарсы күрес бөлімінің  өкілдері. 

Аталған шараның басты мақсаты Астана қаласының маңындағы шекаралас елді мекендердегі лаңкестік әрекет белгілеріне дер кезінде тиісті әрекет ету бойынша  жедел штабтардың дайындық күшін тексеру болып табылады. 



Басты тақырыптар