12:03 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Екпе жасаушы медбике

Екпеден бас тартқан қазақстандықтар емделу ақысын қалтасынан төлейді

© Sputnik / Игорь Зарембо
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
128 0 0

Екпеден бас тартудың салдарынан сырқаттанып қалған қазақстандық азаматтарды емдеу ақысын қалтасынан төлеуге мәжбүрлейді

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Тегін екпеден бас тартып, сырқаттанып қалған қазақстандықтарды ендігі кезде емдеу ақысын төлеуге мәжбүрлеуі мүмкін, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой. 

Ол, Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бойынша, кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсету қызметінің аясында екпе жасау ерікті түрде орын алуы тиісті екенін атап өтті.   

"Екпе жасамаған азаматтар, өздерін қауіпті жағдайда қойып отырғанына қарамастан, келешекте осының салдарынан сырқаттанып қалатын болса, біз оларға өздерінің емдеу шараларына ақы төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз", — деді Цой мәжілістегі үкіметтік сағат кезінде. 

Сонымен қатар, ол кейбір радикалды діни ағым өкілдерінің екпе жасаудан бас тартатынын да айта кетті. 

"Біз ол бойынша дін өкілдерімен, осы топтардың ішінен, екпенің зияндығы туралы айтып жүрген адамдарды тауып, олармен жұмыс жасап жатырмыз", — деп аяқтады өз сөзін вице-министр.
Бұған дейін айтылған мәліметтерге сәйкес, соңғы жылдары республика көлемінде діни түсініктер бойынша екпеден бас тарту амалдары көптеп орын алып жатыр. Әсіресе, бұндай белсенділік еліміздің батыс өңірінде кеңінен тарап, жалпы саны 80% асты.  Атырау облысында екпеден бас тартқандар 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан облысында − 89,3% құрайды. Діни көзқарастар бойынша екпеден бас тартудың ең жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында тіркеліп, 71,3% құрайды. 
Екпеден бас тартудың негізгі себептері: жеке көзқарастар бойынша − 45% (4 360) – діни көзқарастар негізінде − 42,9% (4 151), БАҚ (интернет, теледидар жаңалықтары) беттеріндегі теріс ақпараттарға сәйкес екпеден бас тартқандар саны 6,2% (600), ал екпеге деген сенімсіздік салдарынан 6,1% (589) адам бас тартып отыр.
Қазақстане 2017 жылдың шілде айынан бастап, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Ол бойынша әр адамның кіріс қаражатынан қорға ақша бөлінеді. 

Загрузка...

Басты тақырыптар