Қоғам

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

© Photo : primeminister.kzӘсет Құрманғалиев
Әсет Құрманғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы вице-министр өз еркімен қызметінен кеткен

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазанов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылып, оның орнына  Әсет Құрманғалиев тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министр сайты. 

Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сағынтаевтың жаңа орынбасарлары тағайындалды

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы "Қарағандыпромстрой" өндірістік автокөлік кәсіпорнында автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 1984-1986 жылдары – КСРО Қарулы Күштерінде әскерде қызмет еткен. 1990-1998 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  

Әр жылдары  ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, "Нұр Отан" ХДП құрылымдарында түрлі қызметте болған.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып қызмет еткен.


Жаңалықтар
0