13:52 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Қалмұханбет Қасымов

Қасымов: соңғы жылдары түрме халқының саны айтарлықтай азайды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Бүгінде Қазақстан түрмедегі халықтың саны бойынша әлемдік рейтингте 68-ші орында тұр

АСТАНА, 25 қыркүйек  — Sputnik. Соңғы жылдары түрме халқының саны айтарлықтай азайды. Егер осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан түрмедегі халықтың саны бойынша әлемдік рейтингте 3-ші орында болса, ал қазір 68-ші орынға жайғасқан. Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясының іске асырылуы талқыланды. 

Отырыста Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мақсатында қандай жұмыстар жүргізілгенін баяндады. 

"Еліміздің құқық қорғау жүйесі үшін пробация институты жаңа қызмет түрі болып саналады. Онымен біз соңғы жылдары ғана айналыса бастадық. Өткен жылы пробация туралы заң қабылданды. Сондай-ақ  Елбасының жарлығымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметін есепке тұрған азаматтардың әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы бекітілді.  2011 жылы шілдеде қылмыстық атқару жүйесі Әділет министрлігінің бақылауынан алынып, бізге берілді.  Ашығын айтайын, ол уақытта біз пробация туралы ойлайтын халде емес едік", — деді ол.

Қасымов сол кезде түрмедегі жағдайдың өте ауыр болғанын еске алды. 

"Колониялар мен тергеу изоляторында жағдай өте ауыр болатын. Онда жаппай тәртіпке бағынбау, еркін есірткі және суық қару саудасы және көптеген заңбұзушылық әрекеттері тіркелді. Мұндай жағдай көптеген колонияларда болды. Аталған колониялардың әкімшілігі өз мекемелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ете алмады", — деді ол. 

Министр жағдайдың қазір оңалғанын атап өтті. Дегенмен бұл салада атқарылатын жұмыс әлі көп. 

"Біздің тарапымыздан істелген жұмыстар жағдайды тұрақтандырды. Қазіргі таңда біздің мекемелерде тәртіп орнатылды. Оны сенімді түрде айта аламын. Сонымен қатар біздің қылмыстық іс жүргізу жүйеміз әлі күнге дейін кеңес жүйесінің келбетін сақтап отыр. Сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу жүйеміз халықаралық талаптардан әлі алыс. Осы орайда Елбасының тапсырмасымен қылмыстық іс жүргізу мен жазаны орындау саясаты жетілдіру үстінде", — деді министр.

Қасымов атқарылған жұмыстардың нәтижесінде түрме халқының саны азайғанын алға тартты.

"Көптеген еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа қылмыстық кодекс, қылмыстық-процестік, қылмыстық іс жүргізу кодестерін және пробация заңын әрі басқа нормативті-құқықтық актілерді қабылдадық. Қазақстан қылмыстық заңнамасын ізгілендіру жолында жұмыс істеуде. Соңғы жылдары түрме халқының саны айтарлықтай азайды. Мысалы, 2011 жылғы 50 700 адамнан биылғы жылы 35 500 адамға дейін қысқарды. Егер осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан түрмедегі халықтың саны бойынша әлемдік рейтингте АҚШ, Ресейден кейін 3-орында болса, ал қазір біз 68-ші орындамыз", — деп атап өтті министр.

Басты тақырыптар