21:15 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Эйр Астана әуе компаниясының ұшақтары

Қазақстандағы тұрақты әуе қатынасына қауіп төніп тұр

© Foto: Официальная страница авиакомпании "Эйр Астана" в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

"Эйр Астана" компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына жабылуына және Ресейден келетін әуе отының тасымалдануы төмендеуі салдарынан дағдарысты жағдайдың орын алғанын мәлімдейді

 АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Отынның тапшылығынан Қазақстандағы тұрақты әуе қатынасының бұзылуы қаупі тұр, деп хабарлайды "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі. 

"Ресейден әуе керосинінің тасымалы тоқтап, Шымкент мұнай өңдеу зауытының уақытша жабылуына байланысты ҚР тұрақты әуе қатынасына қауіп төніп тұр", — деп мәлімдеді "Эйр Астан" компаниясының баспасөз қызметі.

"Эйр Астана" Қазақстанға әуе керосинін тасымалдайтын экспортер компаниялар "Газпромнефть", "НК Роснефть", "Лукойл" және "Татнефть" екенін атап өтті.

 "Қазан айына ресейлік нарықтағы сұраныстың артуына байланысты аталған компаниялар әуе отынын жеткізуді растаған жоқ. Мысалы, "Газпромнефть" отынның экспортын 2018 жылдың мамыр айынан бастап қайта жандандыру туралы хабарлады", — деп мәлімдеді. Air Astana.

Басты тақырыптар