Қоғам

Баспа оқулықтағы кезекті қате жайында мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ тіліндегі оқулықтарда орыс тіліндегі мәтіндері бар парақтар пайда болды

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. "Мектеп" баспасы қазақ тіліндегі биология және жағрапия оқулықтарының парақтары орыс тілінде болуына қатысты Sputnik Казахстан тілшілеріне мәлімдеме жасады. 

Әлеуметтік желілерде мектеп оқулықтарына қатысты кезекті видео таралды. Қолданушылардың айтуынша, бұл жолы қазақ сыныптарына арналған биология және жағрапия оқулықтарында орыс тіліндегі парақтар болған. 

"Бұл бір ғана оқулық болуы мүмкін. Себебі, біз ол туралы білмейміз. Басқаша болғанда бұған дейін-ақ шу шығар еді. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Бұл типографиялық ақау немесе адами фактор да болуы мүмкін. Бұдан үлкен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Егер ондай жағдай орын алған болса, бізге келіп оқулықты ауыстырып алуға болады", — деп мәлімдеді "Мектеп" баспасының Дариға Сухаева.


Жаңалықтар
0