Қоғам

Рудный қалалық мәслихатының депутаты жеңгетайлыққа қатысты күдік тудырды

CC0 / / Әйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәслихатта депутатты мандатынан айыру туралы мәселе қарастырылады

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Рудный қалалық мәслихатының депутаты Юлия Каралаш жеңгетайлық туралы қылмыстық іске қатысы бар болып шықты. 

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі депутат Каралашқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын нақтылайды. Кейбір БАҚ жариялағандай, Каралашты ұстау туралы ақпарат әлі де расталған жоқ. 

Каралаш өзінің құрбысы бизнес-серіктесі Ксения Гамова екеуі бірігіп, бір апталық еңбек ақысы 10 мың АҚШ долларына дейін жететін эскорт-қызмет көрсету үшін қыздарды жұмысқа алу туралы хабарландыру жариялап отырған.

 Юлия Каралаш Рудный қаласында жергілікті сұлулық конкурстарының жеңімпазы ретінде танымал. Мәслихатта ол, арнайы әлеуметтік комиссия мүшесі есебінде әлеуметтік саясат және экология мәселелерімен айналысқан. Ғаламтор бетінде киім-кешек және аяқ киім, сәндік бұйымдар және тұрмыстық заттар сатумен айналысатын Karalash Fashion Company атышулы депутаттың иелігіне қарайды. Ол жерде сауда ұсыныстары қазіргі уақытқа дейін жаңартылып отырады. 

Юлия Каралаш болса, болған оқиға жайлы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Рудный қалалық мәслихатында депутатқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша мәслихат аппараты жетекшісінің айтуынша алдағы уақытта Юлия Каралашты депутаттық мандатынан айыру туралы мәселе қарастырылады.

 

 

 

 


Жаңалықтар
0