Қоғам

Талғарда зират қоршауларын ұрлайтын қарақшы ұсталды

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуҚираған зират
Қираған зират - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған ер адам жарты жыл бұрын жарты жыл бұрын дәл осы зиратта жұмыс жасаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Полиция қызметкерлері жергілікті зират басындағы қоршауларды ұрлауға қатысты күдікті болып табылатын Талғардың 34 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Күдікті ер адам қылмыс жасау үстінде ұсталды. 

"Төрт зираттан алынған шойын қоршаулар шығаруға дайындалған. Зират басына келе жатқан күзет көлігін көре сала, күдікті қашып кетуге тырысқан. Алайда, полиция қызметкерлері тарапынан оқиға орнынан алыстамай қолға түсті", — деп хабарлайды ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Ұсталған ер адам жарты жыл бұрын осы зиратта жұмыс жасаған қызметкер болып шықты. Іс бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.  

Оқиға барысында анықталғандай, жергілікті тұрғындардың тарапынан Талғар ІІД туыстарының зираттары бұзылғаны жайында үш шағым түскен. 

 

 

Жаңалықтар
0