Қоғам

Ауылға сапалы интернет жетеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018-2020 жылдары болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады

АСТАНА, 26 қыркүйек  — Sputnik. Алдағы үш жылда 2 миллоннан астам ауыл тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық 122 қаласы және шамамен 1200 ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіп отыр. 

"Министрлік болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын қолға алып жатыр. Яғни, бұл 2 миллоннан астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізеді деген сөз. Жобада қамтылатын ауылдардың тізімі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, анықталып жатыр. Жалпы бұл жоба 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр", — деді Абаев кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған үкімет отырысында.

Министр жобаның нәтижесінде 2021 жылға дейін ұзындығы 24 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылатынын алға тартты. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімдерінің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

ОҚО бастауыш сынып оқушылары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкентте бүлдіршіндер бірінші сыныпқа интернет арқылы ғана қабылданады

Айтуынша, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша іске асырылады. 

"Аталған жұмыстардың нәтижесінде интернетке секундына 20 мегабитке дейінгі жылдамдықпен қол жеткізу қамтамасыз ету, шамамен 2 мың мектепті интернетпен қамту және денсаулық сақтау мекемелерінде де, жергілікті мемлекеттік органдарда да 1200 нүктеге қосу жоспарланған", — деп баяндады Абаев.

Жаңалықтар
0