Қоғам

Орсариев: Білім министрлігін жоқ нәрсеге қатысты сын айтылатыны мазалайды

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. ҚР Білім министрілігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев Sputnik Қазақстан тілшілеріне жалған ақпарат таратуға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін Астана қаласы ІІД, Астана қаласы полицейлері қазақстандық оқулықтардағы әдепсіз суреттер туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын. Қылмыстық іс Білім және ғылым министрлігінің шағымдануымен қозғалды. Оған әлеуметтік желілерде қазақстандық математика пәніне арналған оқулықта есеп тапсырмасы ретінде жалаңаш ерлер мен әйелдердің суреттері бар иллюстрациялар бейнеленгені жайындағы жалған ақпараттың таралуы себеп болды. 

"Оның барлығын айта берсе өте көп. "Алты жердегі алты тең 32", "Қазды оның мүйізі қорғайды" — бұлардың барлығы өтірік, жалған ақпарат. Қандай да бір жаңалық енгізу кей жағдайда пікір-талас тудыратыны анық. Бұл жерде ең түсінікті жағдай ол, бар нәрсеге қатысты сын есту, ал жоқ нәрсеге қатысты сын — ескертулердің таралуы бізді қатты мазалайды", — деді Орсариев Sputnik Қазақстан тілшілеріне.  

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы бері отандық оқулықтарға қатысты бірнеше дау шыққан болатын.  

 

 

Жаңалықтар
0