Қоғам

Смартфоныңыз жарылып кетпес үшін не істеу керек?

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуСмартфондар
Смартфондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы кездері адамның таптырмас "көмекшісіне" айналған гаджеттердің жарылып кетуі туралы оқиғаларды жиі естіп жатамыз. Академик Анатолий Сидоренко мұндай жарылыстардан қалай сақтануға болатынын айтып берді
Сидоренко: энергия батареи смартфона эквивалентна энергии ручной гранаты

Смартфондардың жарылуына көбінесе өндірушілер кінәлі, өйткені олар бөлшектердің тұтанғыштығын тексеруге жіті мән бермеген. Аккумулятордың жарылып кетуі шыдамсыз компаниялардың тезірек ақша табуға деген құлшынысынан деп қорытындылауға болады.

Жарылыстан қалай сақтануға болатынын Электронды инженерия және нанотехнологиялар институтының директоры, академик Анатолий Сидоренко айтып берді.

"Біріншіден, сөйлесіп жатқан кезде, смартфонды тоққа қосуға болмайды. Көпшілік осы қателікті жиі жасайды. Екіншіден, оригинал батареяны қолдану керек. Өйткені өндіруші компания оған контролер орнатады, контролер дегеніміз батареяның температурасын бақылайтын электронды чип. Батарея қызып кеткенде, чип оны өшіріп, қысқаша тұйықталудың алдын алады…", — дейді маман.

Толығырақ аудио материалдан тыңдаңыз.

Жаңалықтар
0