03:34 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Оқулықтар

Ұлттық аударма бюросы таңдаулы 100 оқулықтың қандай болу керектігін айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

Әлемдік үздік 100 оқу құралын қазақ тіліне аударудың аясында қандай да бір ғылым саласына берілетін үстемдік болмайды

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Сәрсенбі күні Қазақстанның Ұлттық аударма бюросының директоры, электронды білім беру саласындағы Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Рауан Кенжеханұлы еліміздің ұлттық ЖОО арналған шетелдік оқулықтарды таңдап, оларды қазақ тіліне аударуға қатысты критерийлер туралы түсінік берді. 

2017 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен республикада Ұлттық аударма бюросы құрылған болатын. Оның негізгі миссиясы  "Рухани жаңғыру": болашаққа бағдар" атты мемлекеттік бағдарлама аясында "Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру болып табылады.  

Жоба бойынша гуманитарлық ғылым саласындағы үздік 100 оқулықты таңдап, оларды қазақ тіліне аудару қарастырылады (Рауан Кенжеханұлының айтуынша,  "жүз" саны шарты мағынада айтылған, себебі оқулықтардың саны одан көп немесе одан аз болуы мүмкін). Оның айтуынша, қазіргі таңда осы жобаның аясында алғашқы 17 оқулық бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Онлайн конференция кезінде, Ұлттық аударма бюросының басшысы: "Аударма жасауға ұсынылған бұл оқулықтарды жұмыс тобы қандай критерийлер негізінде таңдап алды? Біріншіден, олар әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде сұранысқа ие болуы керек. Яғни, бұл оқулықтар әлемдік ЖОО рейтингісінің ТОП-100 құрамына енетін университеттерде: американдық, британдық және басқа әлемдік оқу орталықтарында қолданыста болуы керек", — деді ол. 

Оған қоса, аударма жасау үшін таңдалған оқулықтар үш реттен астам қайта шығарылған болуы керек. Алғашқы болып таңдалған 17 оқулық он реттен астам қайта басылып шығарылған.  

 

 


Басты тақырыптар