Қоғам

Елбасы Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка азаматы қонақ үйдің 32-ші қабатынан концертке келушілерге оқ жаудырған

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Лас-Вегастағы оқиға - Sputnik Қазақстан
Әлем
Лас-Вегаста атыс салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар саны артты

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамның қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0