08:05 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Мектеп оқушысы

Астана мен Алматы мектептерінде жаңа пән енгізілуі мүмкін

© Sputnik / Григорий Сысоев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Жаңа оқу пәні эксперимент аясында Астана мен Алматы қалаларының кейбір мектептерінде енгізілуі мүмкін

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. "Қоғам мен дін" атты жаңа пән бірнеше елордалық мектепке енгізіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиаорталығы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәдениет және дін халықаралық ортағының басшысы Айдар Әбуовқа сілтеме жасап.

Әбуовтың айтуынша, 9-сынып оқушыларына арналған "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінде бірқатар келіспеушіліктер бар, сондықтан 8-9 сынып оқушыларына арнап жаңа мазмұндағы оқулық енгізу жоспарланып отыр. 

"ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен біріге отырып, "Қоғам және дін" атты жаңа оқу бағдарламасы дайындады. Тәжірибе жүзінде бірқатар талқылаудан кейін бұл оқу бағдарламасы мектеп бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланып отыр.  Ең алдымен, біз бұл пәнді Астана мен Алматы қалаларының бірқатар мектептеріне енгізіп, келесі жылы оқу бағдарламасына жаңа пән ретінде енгізуді қарастырамыз", – деді Әбуов семинар-кеңес отырысында. 

 


Загрузка...

Басты тақырып