Қоғам

Қазақстандық оқушы Стивен Хокингпен кездеседі

© Sputnik / Ксения ВоронинаИсаак Мустопуло
Исаак Мустопуло - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық данышпан оқушы Исаак Мустопуло арманына жетіп, ғалым Стивен Хокингпен кездеседі

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Он бес жасар Исаак Мустопулоны көпшілік қазақстандық Стивен Хокинг деп атап кеткен, өйткені ол да астрофизикаға ерекше қызығушылық танытады. Оқушы Хокингтің өзімен кездесу үшін Англияға ұшып барды.

"Танысып қойыңыздар, бұл Исаак Мустопуло. Жасы 15-те. Исаак физика мен астрономия десе ішкен асын жерге қояды, ғарыш құрылғыларына арналған электроэнергия өндірісі процесін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Ол кішкентайынан үлгі тұтар ғалыммен кездесуді армандаған. Қазір Лондонда. Жас ғалым "Эйр Астана" компаниясының ұшағымен ұшып келді. Исаактың кіммен кездесетінін тауып көрңіңздерші!", — деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Жасөспірім атақты ғалыммен кездесудің бұрыннан армандап жүрген, Стивен Хокингте Исаактың тағдырын естіп, танысқысы келіпті. 

Жаңалықтар
0