15:52 23 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Эйр Астана

Оғыз Доған vs "Эйр Астана": жолаушы 1 теңге өтемақы сұрайды

© Foto : Официальная страница авиакомпании "Эйр Астана" в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Оғыз Доған әуе компаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін айыптап, моральдық өтемақы талап етті

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. "Эйр Астана" АҚ ұлттық әуекомпаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін айыптаған Оғыз Доған сотт моральдық өтемақы ретінде 1 теңге сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Азаматтық арыз Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына түсті. Оғыз Доғанның мүддесін қорғаушы адвокат Абзал Құспан оның талаптары туралы айтып берді.

"Біз олардың айыптарын мойындап, Оғыз Доған алдында кешірім сұрауын талап етеміз. Процестік кодекстің нормаларына сәйкес, біз талаптарды өзгерте аламыз, бірақ әзірше тек кешірім сұрауын талап етеміз. Материалдық жағы да бар, өтемақы көлемі 1 теңге", — деді адвокат.

Істі қарастырушы судья Нұржан Қалымжанованың айтуынша, келесі отырыс 16 қазанда болады. Сол жерде тараптар бітімге келіп, татуласуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Оғыз Доғанға тамыз айында ұшақта қауіпсіздік ережелерін сақтаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынған. Ал ер адам оларды мемлекеттік тілді білмейді деп айыптады.

Басты тақырыптар