Қоғам

Димаш Құдайберген "Қазпоштаның" жарнамасына түсті

Жазылу
Пошта операторы талантты қазақстандық әншімен өзара жемісті серіктестік құруға үмітті

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Ұлттық пошта операторы танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен серіктестік құрғаны туралы жариялады.

"Димаш Құдайбергенмен серіктестікқұрғанымыз туралы қуанышпен хабарлаймыз. Қысқа мерзімде елеулі жетістікке жеткен отандасымыздың аты еліміздің музыка тарихында жазылған. Мен алдағы уақытта Димашпен жемісті жұмыс жасайтынымызға сенімдімін", —деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы  Сәкен Сәрсенов.

Димаш Құдайбергенов — Витебск қаласында өткен "Славянский базар-2015" сайысының гран-при жүлдесінің және Music Awards премиясының "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясының иегері.  Қазақстандық әншіні Қытайда өткен I am a Singer-2017 сайысында екінші орын алып, дүние жүзіне танымал болды.
"Соңғы кезде мен әлемнің түкпір-түкпірінен хаттар мен сыйлықтар аламын. Біздің пошта жүйесінің қызмет көрсетуі мен дамуы мені таң қалдырды", — деді Димаш.

Жаңалықтар
0