08:16 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Жедел жәрдем

Алматыда "жедел жәрдемді" өткізбеген көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Алматыда жедел жәрдем көлігін "байқамай қалған" джип көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Алматы қаласының полицейлер "жедел жәрдем" көлігін өткізбеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдемнің регистраторынан түсірілген бейне әлеуметтік желіге салынды. 

Жергілік полиция қызметі бұған қатысты бірден әрекет етті. 

"Бейне жазбада көрінгендей, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі арнайы жарығы және дыбысты сигналы қосылған, жедел жәрдем көлігінің өтіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Жүргізушінің бұл әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 598-бабының 2-бөлімінде қарастырылған. Осы негізде 1988 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны Н. есімді азамат әкімшілік жазаға тартылды", — делінген хабарламада.

Көліктің жүргізушісі өзінің жазған түсініктемесінде арты жолда келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқамай қалғанын айтады. Алайда, полиция бұл жауапті негізсіз деп танып отыр. 

 


Басты тақырыптар