04:02 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Сейітқазы Матаев

Сот Сейітқазы Матаевтың жазасын жеңілдетуден тағы да бас тартты

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Қазақстанның журналисттер одағының бұрынғы басшысының қорғаушысы мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш жасаған болатын

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Сейітқазы Матаев әлі де қамауда қалдырылды. Алматы облыстық сотының үкімі 19 қыркүйекте жарияланған болатын.  Алайда, Қазақстан журналисттер одағының бұрынғы басшысының Sputnik Қазақстан тілшілері хабарласқан қорғаушылары құжаттық толық нұсқасын жақын күндері ғана алған. 

"Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлына өтелмеген жазасын одан жеңіл жаза түріне ауыстыруға қатысты өтініші қабылданбайды. Сотталушының өтінішін қанағаттандырылмайды", — деп қорғаушы Мәдина Бакиева үкімнен үзінді келтірді. Оның айтуынша, соттың мұндай шешімі сотталушы әлі күнге дейін келтірілген материалдық шығынды өтемегенімен байланысты болуы мүмкін.

"Сот үкімі бойынша бұл 500 миллионнан астам сома. Әділет министрлігі Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевтың барлық мүліктерін тәркілеу жұмыстарын атқарып жатыр. Бұл пәтер, автокөліктер. Алайда, келтірілген шығынды өтемеу, жаза түрін ауыстыруға қатысты өтінішті қанағаттандырмауға негіз бола алмайды", — деді Бакиева.

"ҚазТАГ" ақпараттық агенттігін басқарған Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет бюджеттің қомақты қаржысын жымқырып, ірі көлемдегі салықты төлеуден бас тартқаны үшін айыпталды. Әкелі-балалы Матаевтар сот тергеуі барысында бұл айыпты мойындаған жоқ. 

Соттың алғашқы инстанциясы Сейітқазы Матаевты алты жылға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркіледі. Ал оның ұлы Әсет Матаев – бес жылға бас бостандығына айырылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа қатысты Қазақстанның журналисттер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу мерзімі 2 жыл 8 айға қысқарды. Әсет Матаев рақымшылыққа ілікпеді. 

 

Басты тақырыптар