07:37 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Көлік кептелісі

Қырғыз тасымалдаушылары Қазақстанның көлік заңнамасын елемейді

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
104 0 0

Қазақстанда қырғыз тасымалдаушылары тарапынан заң бұзушылықтардың жиілегені туралы белгілі болды

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі Қырғызстан тасымалдаушыларының қазақстандық көлік заңнамасын елемеу фактілері көбейгенін мәлімдеді.

Мекеменің мәліметтері бойынша, соңғы екі күн ішінде тексерілген Қырғыз Республикасы тасымалдаушыларының меншігіндегі 212 көлік құралының 35 автокөлігі өрескел заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. Құқық бұзушылыққа қатысты жалпы көлемі 1 миллион 328 мың теңгеден астам айыппұл белгіленді.

Оған қоса, тұрақсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын төрт жолаушылар автобусы айып тұрағына орналастырылды. 

Аталған заң бұзушылықтарға қатысты ақпарат қырғыз мемлекетінің тиісті органдарына жіберілді. 

Басты тақырыптар