07:32 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Оқушы

ЖОО түсу кезінде қандай олимпиадалардың артықшылығы бар?

© Sputnik / Григорий Сысоев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

"Дарын" орталығы ата-аналарды оқушыларға арналған ақылы олимпиадаларды таңдау кезінде қырағы болуға шақырды

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Жекеменшік ұйымдардың ұсынып отырған ақылы олимпиадалары жоғары оқу орнында білім алуға арналған білім гранттарын иеленуге артықшылық бермейді, деп мәлімдеді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша соңғы кездері жоғары сынып оқушылары арасында түрлі ұйымдардың ақылы түрде зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеулік сипаттағы турнирлер өткізу жиілеген. Көптеген ата-аналар жоғары оқу орнына түсу кезінде білім беру грантын иелену үшін маңызды болады деген сеніммен, балаларын осындай олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік жасайды. 

"Алайда, ата-аналар мен оқушылардың білуі тиісті мәселе, ол біздің елімізде дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету негізінде атқарылатын жұмыстар, жалпыға бірдей пәндерден республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік шаралар (турнирлер, фестивальдар, ғылыми жарыстар және жалпы пәндер бойынша олимпиадалар)  "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ғана өткізіледі. Барлық зияткерлік тұрғыдағы іс-шаралар ақысыз негізде жүргізіледі", — деп мәлімдеді орталықтың баспасөз орталығы.

Сонымен қатар, "Дарын" орталығы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы пәндер бойынша өткізілетін жарыстар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін ескертті. 

Ата-аналар балаларын кез-келген олимпиадаларға қатыстыруға құқылы. Алайда, "Дарын" ата-аналарды оқушылардың қатысатын зияткерлік шараларды таңдау кезінде шын мәнінде пайдалы жағын көбірек қарастырып, қырағылық танытуға шақырды. 

 

Басты тақырыптар