04:17 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Жақсыкелдиев

Назарбаев Қызылорда облысындағы Нұрсұлтанның арманын орындады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
200 0 0

Қызылорда облысының екінші сынып оқушысы алғаш рет өз отбасымен Астанаға келді

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қызылорда облысының жеті жасар тұрғыны Нұрсұлтан Жақсыкелдиев Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен ұшып келді. 

қазан айының басында Назарбаев Қызылордаға жұмыс сапарымен барып, жергілікті балалармен, жастармен кездесіп, олармен бейресми әңгіме-дүкен құрған болатын. 

Оқушының айтуынша, ол Президентпен кездесу кезінде болашақта президент немесе ғарышкер болуды, сонымен қатар Астана қаласына баруды армандайтынын айтып берген.

Назарбаев оған жауап ретінде баланы Елордаға шақырады. 

Sputnik Қазақстан тілшілерімен сұхбаттасқан баланың әжесі Айнагүл Бейсембаеваның айтуынша, Нұрсұлтан жеті жаста, екінші сыныптағы үздік оқушылардың қатарында. Нұрсұлтан Астанаға өзінің отбасымен – әжесі, ата-анасы және қарындасымен келген. 

"Немеремнің арқасында біз қаланы көрдік. Астанада үш күн болып, ертең жолға шығамыз. Президентпен кездесе алмадық. Ол сапарға кетіп қалыпты", — деді ол. 

Нұрсұлтанның айтуынша, ол Астанадағы Бәйтерекке, океанариумға, мұражайға барып үлгерген.

 

Басты тақырыптар