05:17 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Сүт комбинаты

Қазақстан Қырғызстанның бес сүт зауытының өнімін енгізуге тыйым салды

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1577 0 0

Ветеринарлық бақылауды күшейткен соң, қырғыз тауарларын енгізу мен олардың транзиті азая бастады

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың күшейгенін хабарлайды. 

Мекеменің берген мәліметіне сәйкес, ветеринарлық бақылау 10 қазаннан бастап күшейтілген. Қырғыз өнімдеріндегі тыйым салынған және ластандырғыш заттардың – антибиотиктер, микроорганизмдер, ауыр металдардың тұзын бақылауға алу күшейтілді.

Қазақстанға өз өнімін жеткізу құқығы:  15 сүт өндіруші, 8 балық өңдеуші және дайын ет өнімін өндіруші 2 кәсіпорынға, яғни барлығы 25 қырғыз кәсіпорнына берілген.

"Қырғызстандық 5 сүт өңдеу зауытының өнімдерін енгізуге қатысты тыйым салынды. Себебі, кәсіпорындағы инспекция және елге жеткізілген тауарға жасалған мониторинг кезінде талап бұзушылықтар анықталды. Қырғызстандық екі кәсіпорынның өнімдеріне қатысты лабораториялық тексеру күшейтілді – жеткізілген өнімнің әрбір топтамасы жіті тексеріліп отырады", — деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі. 


Бақылауды күшейту әрекеттерін орындау кезінде ветеринарлық сертификатты толтыру кезіндегі ереженің бұзылуына қатысты  13 қазан күні "Риха" ЖШС (Шу облысы) шұжық өнімдері тиелген автокөлік ұсталып, 226 мың 900 теңге (100 АЕК) айыппұл салынды. Жүк қайтарылды. 

"Қырғызстандық тауарларға деген ветеринарлық бақылауды күшейткен кезден бастап, олардың елімізге енгізілуі мен транзиті азайғаны байқалады", — деп атап өтті министрлік. 

Фитосанитарлық бақылау негізінде 821 тонна карантинге іліккен өнім тиелген 117 жүк автокөлігі тексеріліп, 15 ереже бұзушылық тіркелді. 14 ереже бұзушылық бойынша жүк Қырғызстанға қайтарылды. Олардың біреуінде карантиндік объект – зиянкес жәндік Комсток сымыры табылды. Қалған екуіне айыппұл салынып, тауар Қазақстанға енгізілді.

Қайтарылған өнімнің жалпы салмағы 105,1 тонна, айыппұлдың жалпы сомасы 68 мың теңге болды.

Загрузка...

Басты тақырып