03:15 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
адамдар

Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Жәрдемақы қалай төленеді (42)
560110

Үш әлеуметтік көмектің орнына біреу ғана болады

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына бірыңғай жәрдемақы берілмек, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бұл туралы Алматыға іссапармен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Тамара Дүйсенованың сөзіне сенсек, атаулы әлеуметтік көмек деген атқа ие болған бірыңғай жәрдемақының көлемі үш бірдей әлеуметтік көмектің қаржысын қосқандағыдан әлдеқайда жоғары болады. Бірақ бұл барлығына бірдей төленбейді. Егер отбасында жұмыс жасындағы азамат болса және ол жұмысқа жарамды болса, әлеуметтік көмек оларға тек шартты келісіммен ғана беріледі. Жеңілдіктердің барлығы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жасалатындықтан, министр мекемелердің дайындығын да тексерді.

"Осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін және басқа да әлеуметтік көмекті алу үшін азаматтар үш түрлі құжатпен, үш түрлі мекемеге бару керек болса, енді тек бір мекеме әлеуметтік жұмыспен қамту мекемесіне бару керек деп айттық. Және жұмыспен қамту мекемесін қарадық. Олардың дайындығын қарадық. Ендігі жылы Алматы қаласы бойынша он екі жарым мыңдай азамат атаулы әлеуметтік көмекті алады", — деді Тамара Дүйсенова.


Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (42)
Кілт сөздер:
жөргекпұл, әлеуметтік төлем, әлеуметтік көмек, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып