Қоғам

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді

© Sputnik / Болат Шайхиновуақытша тіркеу
уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі 1 қарашадан бастап іске қосылады

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Елімізде тұрғылықты жер бойынша тіркелу рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1 қарашадан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі іске қосылады.

"Әділет министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процедурасын жеңілдеттік. Бұл үшін ақпараттық жүйені кіріктірдік, ол сынақтан сәтті өтті", — деді ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңа тәртіп бойынша тіркеу кезінде азаматтардан баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді. Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі


Жаңалықтар
0