20:13 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Парламент ғимараты

Қырғызстан бас тартқан $100 миллионның тағдыры не болады?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

Бішкек бас тартып жатқан 100 миллион доллардың қайда жұмсалатыны келесі жылдың ақпанында шешіледі

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Қырғызстан бас тартып жатқан қаражаттың қайда жұмсалатынын үкімет келесі жылы ақпан айында шешеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

Айта кетсек, Қырғызстан парламенті Қазақстанмен жасалған 100 миллион доллар көмек туралы келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда  мақұлдаған болатын. 

"Біздің парламент қырғыз еліне 100 миллион доллар көмек беру туралы келісімді ратификациялаған болатын. Енді оның күшін жою үшін бізге ішкі процедураларды жүргізу керек. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін бұл қаражатты қайда жұмсау қажеттігі жөнінде шешім қабылданады. Келесі жылы ақпанда бюджетті нақтылау кезінде осы мәселе қарастырылуы мүмкін", — деп жауап берді Сүлейменов Бішкек бас тартып жатқан қаражат қайда жұмсалады деген сұраққа. 

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


Загрузка...

Басты тақырып