10:44 25 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD378.60
  • EUR417.75
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Латын әліпбиіне көшу (46)
183910

Сенат төрағасы жаңа әліпби бойынша қоғамның ұсыныстарын ұлттық комиссия ескеруі қажет деп есептейді

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет, деп есептейді парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет", — деп жазады сенат төрағасы твиттердегі жеке парақшасында. 

Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

​​​​​​Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. 

Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (46)
Загрузка...

Басты тақырып