20:15 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Торт, архивтегі фото

Астананың тәттіқұмарларына қауіп төнді

© Sputnik / Евгений Биятов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
229 0 0

Мамандар кондитерлік өнімдерден қауіпті бактерия тапқан

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Астанадағы тексеріс кезінде қауіпті кондитерлік өнім анықталды, деп хабарлайды елордалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті.  

Ведомствоның мәліметінше, мониторинг аясында ЖК "Бейбарыс" өндірген қауіпті кондитерлік өнімдер сатылғаны белгілі болған. Олардың арасында "Нежность", "Сметанник", "Медовик", "Наполеон" торттары, тәтті нандар, бисквитті рулеттер, сүзбе қосылған самса, сүзбеден жасалған кекстер, сондай-ақ "Пикассо", "Зебра" бәліштері, пірәндіктер, печеньелер және тағы басқа өнімдер бар. Бұл өнімдер қаланың сауда желілерінен табылды.  

Кондитерлік өнімдер ЕАЭО-ның "Қауіпсіз азық-түлік өнімдері туралы" техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейді. Ішек таяқшалары, мезофилді аэробты микроорганизмдер, ашытқылар тобының бактериялары шамадан тыс көп.  

Заттаңбаларында өнімдердің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары көрсетілмеген. Сондай-ақ барлығының тиісті құжаты болмай шыққан. Заттаңбаларда көрсетілген мекенжайда өндірістік цех жұмыс істемейді.   

"Өндіріс мекенжайының дұрыс көрсетілмеуі салдарынан халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өнімдерді қадағалауға мүмкіндік болмайды. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті сауда-саттықтың барлық мекемелеріне маркалауда заң бұзушылыққа жол берілген,  талапқа сәйкестігін дәлелдейтін құжаты жоқ өнімдерді қабылдамау және сатпау керек екенін ескертеді", — деп жазылған хабарлама. 

 

Загрузка...

Басты тақырып