16:41 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Бұрқасын, архивтегі фото

Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Сергей Красноухов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2221 0 0

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде 10 қараша, жұмаға дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".    

"Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 30 метрге жетеді. Өскеменде жұма күні ауа райы жауын-шашынды болып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады, жел күшейеді. 80-85% дауыл болуы ықтимал", — деп ескертті синоптиктер.

Оңтүстік Қазақстан облысында солтүстік батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Қызылорда облысын жұмадан жексенбіге дейін тұман басады. 


Басты тақырыптар