05:55 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Байқоңыр ғарыш айлағы, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресейдің ғарыш жобасына БАӘ қызығушылық танытып отыр

© Sputnik / Олег Урусов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
63 0 0

Тараптар ғарыш саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Дубайда (БАӘ) «Dubai Air Show – 2017» XV Халықаралық әуеғарыш көрмесі аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, БАӘ Президент ісі жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид Әл-Нахаян мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин үшжақты ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің сайты.   

Тараптар келіссөздер барысында ғарыш саласында инновациялық жоғары технологиялық әзірлемелерді қолдана отырып, бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады. Әмірлік тарапы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазіргі жағдайымен және оны одан әрі дамыту келешегімен танысты.

Кездесу барысында шейх Мансұр БАӘ-нің Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасына қатысу мүмкіндігін қарауға қызығушылығын білдірді. Болашақта ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға стратегиялық бағдарлама жасап, тараптардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында үшжақты жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кетейік, «Dubai Air Show – 2017» Халықаралық әуеғарыш көрмесі азаматтық және әскери әуе өнеркәсібінің жетекші әлемдік шарасы саналады. Ол – үнемі әлемнің түрлі елдерінің үкіметтік орталарының, жоғары дәрежедегі әскерилер мен бизнесмендердің назарын аудартатын көрме. Мұнда көрме қатысушылары жауапты тұлғалармен және сарапшылармен жақын араласа алады.

Dubai Air Show — екі жылда бір рет өткізілетін әлемдегі ең ірі аэрошоулардың бірі. «Dubai World Central Aerotropolis»-тің көрме ауданы 645 000 м2 құрайды.


Басты тақырыптар