05:49 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Күзде жауған қар

Синоптиктердің болжамы: алдағы күндері ауа райы бұзылады

© Sputnik / Константин Чалабов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
84401

«Қазгидромет» РМК 14-16 қараша аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Синоптиктер алдағы күндердегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан атмосфералық ағымдар ығысады. Соның әсерінен  кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, әсіресе қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел соғады. Солтүстік облыстарда бұрқасын болады деп болжануда. 

Тропосфералық ауа ағыны, негізінен, батыс бағытта болатындықтан, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Қалыпты температурадан 2-5 градус жоғары болады. 

14 қарашада Қостанай облысының кейбір аудандарын күні бойы тұман басады. 14-16 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Басты тақырыптар