05:50 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Алматы

Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
58431

Алматыда Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр, Ер Төстік және Алтын Адам көшелері пайда болады

АСТАНА, 13 қараша — Sputrnik. Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі, деп хабарлайды Sputrnik Қазақстан тілшісі. 

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясы қорытындысының негізінде бірқатар көшенің атауын өзгерту туралы қаулы қабылдады. Мысалы, қалада Алтын адам, Әулиеата, Ер Төстік, Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр, Құртқа, Берел, Ақмоншақ, Нарын, Аягөз, Арыстанбаб секілді көшелер пайда болады. 

Бұдан бөлек, кейбір көшелерге Кенесары хан, Смағұл Сәдуақасұлы, Жанша  Досмұхамедов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов секілді қайраткерлер мен біртуар тұлғалар, Қадыр Мырза Әлі, Ақселеу Сейдімбек, Герольд Бельгер, Шыңғыс Айтматов тәрізді ақын-жазушылардың есімдері беріледі. 

Барлығы 100-ден көшенің атауы өзгертіледі. 

Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар. 

 

Басты тақырыптар