05:45 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев

"Қазақстанның 100 жаңа есімі": 102 жеңімпаз анықталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
472 0 0

Үміткерлерге 340 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. El.kz порталында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру арқылы жобаның іріктеу кезеңінен өткен 102 жеңімпаз анықталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, комиссия әділдік үшін дауыс саны бойынша алғашқы жүздіктен сәл ғана төмен тұрған екі үміткерді де тізімге қосуды жөн санаған.

"340 мыңнан астам қазақстандық өздері таңдаған тұлғаларға 1 миллион 376 мың дауыс берді. Осының өзі жобаның қоғам үшін маңызды болғанын көрсетеді. Ендігі жерде үлкен жұмыстар басталмақ. Қазіргі уақытта Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, іс-шаралар жоспарын әзірлеуде", — деп жазды министр. 

Дәурен Абаев жобаға атсалысқан барша жұртшылыққа — еліміздің жаңа есімдері туралы жан-жақты ақпарат берген журналистерге, бізге қолдау көрсеткен волонтерлер мен қоғамдық ұйым мүшелеріне алғыс білдірді.

"Өтінімдерді жинау барысында елімізде мақтан етуге де, өскелең ұрпаққа үлгі етуге де лайықты мыңдаған бірегей жандардың бар екеніне куә болдық. Осынау жаңа есімдер арқылы тұтас Тәуелсіз Еліміздің табыс тарихының жаңа парақтары ашылмақ", — деп түйіндеді ол. 


Басты тақырыптар