Қоғам

Еліміздің әр тұрғыны елорданың кез келген жеріне орындық орната алады

© Photo : официальный сайт акима АстаныАстана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала көркін бұзбау үшін орындықтар белгілі бір стандартқа сай жасалуы тиіс

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімдігі ерекше акцияны қолға алды. Енді кез келген адам өз атынан сүйікті астанамызға орындық сыйлай алады және қаламыздың өзі қалаған кез келген көрікті жеріне қоя алады, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.

Бүгін "Сарыарқа" ауданы әкімдігі Урбанистика орталығымен бірлесе отырып "Астана тарихында өз есіміңді қалдыр" атты қайырымдылық марафонын қолға алды.

Енді елорда тұрғындары қалымыздың саябақтарына, скверлеріне және Есіл жағалауына өз аты жазылған немесе отбасылық атаулы күнге арналған ескерткіш тақтайшасы бар орындық сыйлай алады.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, осылайша Астана тұрғындары өзінің сүйіктісіне, отбасылық атаулы күнге, отбасылық мерекелерге арнап осындай қоғамға пайдалы сыйлық жасай алады.

© Photo : официальный сайт акима АстаныАстана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады - Sputnik Қазақстан
1/4
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
© Photo : официальный сайт акима АстаныӘлібек Сисембин – аталмыш акцияны қолдаған азаматтардың бірі
Әлібек Сисембин – аталмыш акцияны қолдаған азаматтардың бірі - Sputnik Қазақстан
2/4
Әлібек Сисембин – аталмыш акцияны қолдаған азаматтардың бірі
© Photo : официальный сайт акима АстаныАстана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады - Sputnik Қазақстан
3/4
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
4/4
орындық
1/4
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
2/4
Әлібек Сисембин – аталмыш акцияны қолдаған азаматтардың бірі
3/4
Астана тұрғындары саябақтарға, скверлер мен жағалауларға өз атынан орындық сыйлай алады
4/4
орындық

Бүгін "Сарыарқа" ауданының әкімдігі аталмыш акцияны қолдаған азаматтарға атаулы сертификаттар табыс етті.

"Жолдасым екеуміз осы Есіл жағалауында таныстық. Ол орындықта телефонмен сөйлесіп отырды, мен келіп жанына жайғастым. Сүйтіп өмірлік серігімді осы Есіл жағалауындағы орындықта жолықтырдым. Қазір екі кішкентайымыз бар. Сол себептіде осы акцияны қолдадым. Және басқа да жастар тура осы біздің атаулы орындығымызда өмірлік серіктерін жолықтырар деген ниет бар", — дейді сертификат иесі Әлібек Сисембин.

Қала көркін бұзбау үшін орындықтар белгілі бір стандартқа сай жасалуы тиіс.   

Егер Астанамызға осындай сыйлық жасағыңыз келсе, Урбанистика орталығының сайтында орындықтардың онға тарта үлгісі және бағалары көрсетілген.


Жаңалықтар
0