Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президентіне көңіл айтты

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы бүгін Иранның батысындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0