05:50 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Әйел мен бала

СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
117 0 0

29 жастағы әйел мен оның төрт баласы Қазақстанға көп ұзамай оралады

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Сирияның соғыс болып жатқан аймақтарынан құтқарылған қазақстандық әйел мен оның балалары көп ұзамай елге жеткізіледі, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Ол Грозный қаласына дүйсенбі Сириядан бір топ адам жеткізілгенін атап өтті. 

"Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Орал қаласының 1988 жылы туған тұрғыны төрт баласымен Сириядан жеткізілді. Балалардың үлкені бес жаста, кішісінің туғанына бірнеше ай ғана болған. Олар Қазақстан азаматтары", — деді Жайнақов БАҚ өкілдеріне. 

Грозный әуежайында оларды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алған. Көп ұзамай қазақстандықтар елге жеткізіледі. 

"Біз ресейлік тарап пен Шешен Республикасының басшылығына алғысымызды білдіреміз", — деді Жайнақов. 

 

 

 

Басты тақырыптар