05:42 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Сотталушы, архивтегі фото

Судьяны өлтірген қаныпезер неліктен өмір бойына сотталды?

© Sputnik / Андрей Стенин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15910

"Медет Әбдірахманов секілділерді қайта тәрбиелеу мүмкін емес"

АСТАНА, 14 қараша  – Sputnik. Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов Facebook-тегі парақшасында Ақмола облыстық сотының судьясы Жанна Бердіғұлованы өлтірген Медет Әбдірахманов неліктен өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын түсіндірді.   

Оның айтуынша, Әбдірахманов бұған дейін де бірнеше ауыр қылмыс жасаған.  Бас прокурордың көмекшісі оның бәрін тізіп шығыпты. 

1. 2001 жылы Әбдірахманов Көкшетау қаласында адам тонағаны үшін (ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлімі) 1 жылға шартты түрде сотталған.  2.  2003 жылы Көшетау қаласында қыз зорлап (ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімі, 121-бабы 1-бөлімі), 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 2005 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.  

3. 2006 жылы Көкшетау тұрғынын 30 жерден пышақтап өлтіріп (ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі), Атырау қаласына жасырынады. Онда алаяқтық пен тонау қылмысын (ҚК 177-бабы 2-бөлімі, 178-бабы 2-бөлімі) жасаған. Сөйтіп 14 жылға бас бостандығынан айырылған.  10 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.   

4.  2016 жылы ол қыз зорлауға әрекеттенген (ҚК 24-бабы 3-бөлімі, 120-бабы 1-бөлімі), алайда зардап шегуші тараппен татуласуына байланысты іс тоқтатылған.   

"Сот процесі кезінде Әбдірахманов өкініш білдірген жоқ, кінәсін мойындамады.  Сот алқа билердің қатысуымен өтті, прокурор-мемлекеттік айыптаушы соттан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Өкінішке қарай Медет Әбдірахманов секілділерді қайта тәрбиелеу енді мүмкін емес", — деп жазды Думан Қожахметов.


Басты тақырыптар