05:46 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
ақша

Жаңа жылдан бастап мәслихат хатшыларының жалақысы 30%-ға өседі

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
90501

Бұл жаңалықтың облыстар, Астана және Алматы калалары мәслихатының жалақысы жоғары хатшыларына қатысы жоқ. Мәселен, облыстық мәслихат хатшысының еңбекақысы қазір 467 мың теңге

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. 2018 жылгы 1 каңтардан бастап аудандық және облыстык маңызы бар калалардың мәслихат хатшыларының еңбекақысы 30%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжілістің бір топ депутаты үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшыларының еңбекақысын өсіру мәселесін көтерген болатын.

"Б" корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Қазіргі таңда саны 213 адамды құрайтын, яғни барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары аталған қаулы шеңберіне кірмей қалды. Олардың алатын жалақысы мәслихат аппараты қызметкерлерінен төмен болып отыр. Былтыр аталған мәселе сыйақы берудің айырмасы негізінде өтеліп отырды. Алайда, 2017 жылы бұл шараларды жасау мүмкін болмай отыр", — деген еді депутаттар. 

Депутаттық сауалға берген жауабында Бақытжан Сағынтаев бұл мәселе шешіліп жатқанын жеткізеді. 

"Үкімет ағымдагы жылғы 3 қазандағы хатпен Мемлекет басшысының атына аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттары хатшыларының лауазымдық айлықақысын жергiлiктi бюджет каражаты есебiнен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%-ға арттырудың орындылығы туралы ұсыныс енгiздi. Мемлекет басшысы аталған ұсынысты мақұлдады, осыған байланысты Ұлттық экономика министрлiгi казiргi уакытта тиiстi үкiмет қаулысын әзiрледi және мүдделі мемлекеттiк органдар мен облыстардың әкімдіктеріне келiсуге жолдады", — деп жазылған үкімет басшысының жауабында. 

Бірақ облыстар, Астана және Алматы қалалары мәслихаты хатшыларының еңбекақысы көтерілмейді. Себебi олардың жалақысы жақсы. Мәселен, облыстық мәслихат хатшысының лауазымдық жалақысы (еңбек етiлi 20 жылдан астам болған жағдайда) 467 мың теңге, облыстық мәслихат аппараты басшысының жалақысы — 246 мың теңге. 


Басты тақырыптар