05:51 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты

Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты

© Foto: akorda.kz
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың инфрақұрылымын одан әрі дамыту шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы жол-көлік және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жолдардың және қала тұрғындарына арналған демалыс орындарының құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Басты тақырыптар