Қоғам

Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti жүргізушісі кешірім сұрайды

© AP Photo / David ZalubowskiInfiniti
Infiniti - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айыпты жүргізуші зардап шеккен қыз бен оның туыстарынан кешірім сұрады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. 12 қараша күні Астанада "Керуен" сауда орталығы жанында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізушісі болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Операция, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Болат Молдағалиевтің айтуынша, ұстамасы ұстап, есінен танып қалған екен. Ол бұл жайында Facebook парақшасына жазды.

"Мені шегіп алып, қыздарды қағып кеткен, оқиға орнынан қашқан байдың баласы етіп көрсеткісі келеді. Бұл шындыққа мүлдем жанаспайды. Негізінде ұстамам ұстап қалғандықтан, есімнен айырылып, осындай қайғылы жағдайға ұшыратып отыр. Жүріп бара жатқан көлікті тоқтатып, көмектескен жігіттер болмаса, одан да қорқынышты жайт болар ма еді", — деп жазды Молдағалиев.

Жүргізушінің айтуынша, жансақтау бөлімінен соң ғана есін жиып, болған оқиғаның байыбына барып отыр. 

Әуелі ол жол апатынан ауыр зардап шеккен қыз Әсел Рымханованың туыстарынан кешірім сұрап, жауапкершілікті мойнына алатынын жеткізді.

"Осындай орны толмас жайттың болғаны жаныма батады. Өзімді ақтап отырған жоқпын. Әсел мен оның жақындарынан кешірім сұраймын. Әселге жар болсын деп Аллаға сыйынып жүрмін. Болған оқиға үшін бар жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын. Әселдің сауығып кетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын", — деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада сағат 18.30 кезінде "Керуен" сауда орталығының көлік тұрағы аумағында жол апаты болды. 

Жол апаты салдарынан 24 жастағы қыз бен 38 жастағы Infiniti жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Зардап шеккен тағы бір жаяу жүргінші 25 жастағы қыз медициналық көмек алып, үйіне қайтарылған.

Жаңалықтар
0