06:51 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жұмыртқа

Қазақстан Қырғызстанға жұмыртқа экспорттаған жоқ – АШМ

© Foto: пресс-служба акима Южно-Казахстанской области
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

Соңғы рет Қостанай облысынан жөнелтілген жұмыртқа партиясы «Қарасу» (Ақ-Тілек) бекеті арқылы мемлекеттік шекараны 5 қазанда кесіп өтті

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. 14 қараша күні БАҚ-та жарияланған Қырғызстан Қостанай облысынан жөнелтілген 302 400 дана жұмыртқаны Қазақстанға қайтарды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ақпаратынша, осы жылдың қарашасында Қостанай облысынан жөнелтілген жұмыртқа партиясының Қырғыз Республикасы тарапынан кері қайтарылғаны тіркелген жоқ. 

Соңғы рет Қостанай облысынан жөнелтілген 324 000 дана жұмыртқа партиясының «Қарасу» (Ақ-Тілек) шекаралық бақылау ветеринарлық бекеті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісі 2017 жылдың 5 қазанында тіркелді. Аталған тауарды Қостанай облысы, Рудный қаласы «Бірлік-Ынтымақ-2008» ЖШС Қырғыз Республикасы арқылы Гулистонға (Тәжікстан) «Сохтмон Баракат» ААҚ-ға экспорттаған. 

Жыл басынан бері Жамбыл облысының шекаралық бақылау ветеринарлық бекеттерінде Қырғызстан аумағынан Қазақстанға жұмыртқа партияларын қайтару фактілері тіркелген жоқ. 

Аталған мәліметтерді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының ақпараты растайды. Оған сәйкес, жыл басынан бері Қостанай облысы аумағынан Қырғыз Республикасына жұмыртқа экспортына ветеринарлық сертификат берілмеген.


Басты тақырыптар