06:51 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев пен Абай Байгенжин

Байгенжин Назарбаевқа онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі екенін айтты

© Официальный сайт Президента РК /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Елбасы онкологиялық ауруларды емдеу ісін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Абай Байгенжин Қазақстан Президентіне медициналық орталық қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

– 2003 жылдан бері кардиологиялық аурулардан болатын адам өлімінің саны үш еседен артық қысқарды. Дей тұрғанмен, елімізде онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі болып тұр, – деді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа 2018 жылғы маусымда іске қосылуы жоспарланып отырған жаңа үлгідегі «Томотерапия» онкология орталығының құрылысы жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеу ісін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Басты тақырыптар