Қоғам

Зейнетақы қорындағы жемқорлық дауына Қырғызстанның да қатысы бар болып шықты

© Photo : Официальная страница ЕНПФ в FacebookВывеска на здании одного из филиалов Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ)
Вывеска на здании одного из филиалов Единого накопительного пенсионного фонда  (ЕНПФ) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының ісіне қатысты сот өтіп жатыр

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik.  "Бозгул Аурум" компаниясының құрылтайшысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларына 700 мың доллар пара ұсынған. Алматыда өтіп жатқан атышулы процесте бүгін сол параны қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерданаев пен оның орынбасары алғаны айтылды. Зейнетақы қоры былтыр дәл осы "Бозгул Аурумның" 500 мың облигациясын 5 млрд теңгеге сатып алған болатын. Cонымен қатар,  олар Қырғызстанның зейнетақы қорын да инвестор ретінде тартпақ болған екен, деп хабарлайды КТК арнасы. 

зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы бұл былықтан бәрі хабардар. Бірақ, неге екенін, сот отырысында алты айыпталушы мен тоғыз қорғаушыны түсіруге тыйым салынды. Айыпты прокурор байыппен оқып, егжей-тегжейлі түсіндірді. Экс-бастық Ерданаевтың орынбасары Дабыр Медетбекевтің кеңесімен, "Бозгул Аурум" инвестор ретінде Қырғызстанның зейнетақы қорын да тартпақ болған. Бірақ, айырқалпақты ағайындармен арадағы келіссөз ешқандай нәтиже бермеген.

Амалы таусылған "Бозгул Аурумның" құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев артынша бағалы қағаздарын өткізу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы басшыларға қолқа салады. Жымысқы әрекетті жүзеге асыру үшін Ерданаев бастаған сыбайластар 700 мың доллар пара сұраған.

Осылайша, қазына қаржысы құлқынның қамына құл болды. Бірақ, 5 млрд теңгені талан-таражға салғандардың тасы өрге домаламады.  Прокурордың айыбына қатысты қордың экс-бастығы үнсіз қалуды жөн көрді. Ал, жеме-жемге келгенде жандары қысылған сыбайластары Медетбеков пен Найзағарин айыптарын қазірден мойындап отыр. Алайда, Ерданаевтың адвокаты оны 700 мың доллар пара алды деген прокурордың сөзін жоққа шығарды.

"Айыптау актіндегі бір құжаттың сипаттамасында басқа сома, қорытындысында мүлде басқа сома көрсетілген. Бұл заңсыз деп ойлаймын. Сондықтан, айыптау актін кері қайтару керек еді. Тиісті өзгертулерді енгізу  қажет", — дейді адвокат Александр Блок. 

Қор қазынасының бүйірін тесіп қор болғандар қылмыстық кодекстің 189 бабы, яғни сеніп тапсырылған мүлікті үлкен көлемде мақсатсыз жұмсады деп айыпталып отыр. Атышулы іс қарашаның 22-і жалғасады. Ол кезде куәгерлер мен айыпталушылар тыңдалады деп күтіліп отыр.

Жаңалықтар
0