Қоғам

Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Операция Астанадағы Республикалық кардиологиялық орталықта жасалған

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. ҚР Парламенті мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды. Бұл ақпаратты төменгі палатаның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Үш апта бұрын Астанадағы Республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайроллаұлының жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті, қазір оңалту процесінен өтіп жатыр", — деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Айта кетейік, мәжіліс спикері үш апта бойы пленарлық отырыстарға қатысқан жоқ. Отырыстарға орынбасары Гүлмира Исинбаева төрағалық етіп жүр. 


Жаңалықтар
0