Қоғам

Левит "Астана аруы" қыздары туралы: маған ешқайсысы ұнаған жоқ

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаМисс Астана-2017
Мисс Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал боксшының "Астана аруы" байқауына қатысушылар жайлы айтқан пікірі

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазақстанның ең тартымды бойдақтарының бірі, боксшы Василий Левит "Астана аруы-2017" байқауына қатысушы қыздарға өз бағасын берді.

"Шынымды айтсам, ешқайсы ұнаған жоқ. Адамды бір қырынан көру жеткіліксіз, басқа қырынан да тану керек", — деп пікірін білдірді боксшы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Елорданың ең сұлу қызы таңдалған байқау 16 қарашада өтті. "Астана аруы-2017" атағын 21 жастағы Нұрсұлу Бегжанова жеңіп алды. 

Байқау жайында толығырақ ақпарат алыңыз.


Жаңалықтар
0